Атырау облысы Білім беру басқармасының жанындағы әдістемелік орталықтың және «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласының Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейінде орыс халқының ұлы ақыны А.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай облыстық көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті.
Байқауға Атырау қаласы мен аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Байқаудың бірінші бөлімінде оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сайысқа түсті. Жас таланттар Александр Сергеевич Пушкиннің өлеңдері мен прозасын суреттеді. «Барышня-крестьянка» шығармасынан үзінді оқыған №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы Хибаденова Наркыз шағын спектакль ұсынды. Әсіресе, көрермендерге №30 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Арафат Аманқосұлының эмоциялық және әртістік қойылым шеберлігі ерекше ұнады.
Екінші бөлімінде А.Пушкиннің шығармашылығы бойынша жан-жақты зерттеу жүргізген ғылыми жұмыс авторлары өздерінің жетекшілерімен дайындаған ғылыми жобаларын көпшілікке ұсынды.
Қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, қазіргі уақытта Пушкин шығармаларының өзектілігін дәлелдеді. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын Пушкиннің махаббат лирикасы, кітап оқудың, соның ішінде діни сипаттағы оның талантының көп қырлылығына әсер ететін тақырыптарына арнады.
Қазақ-түрік лицейінен келген Рзиев Мирас Пушкинді біздің замандасымыз, интернеттің белсенді пайдаланушысы және танымал блоггеріміз деп таныстырды. Құлсары қаласының № 1 мектебінің оқушысы Тасекенов Данияр Пушкин тамаша психолог екеніне жеткізді. Даниярдың шын жүректен сөйлеген сөзі залдағы барлық қатысушылардың жоғары бағасына ие болды және Көрермен көзайымы ретінде ол Пушкиннің мүсінін алды. Бұл турда Индер ауданының Будин ауылынан келген Әсет Мүслимов жеңіске жетті. Александр Сергеевич шығармаларындағы үй және отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арнаған оның зерттеуі ең өзекті деп танылды және қазылар алқасының бірауыздан шешімі бойынша жоғары ұпайға ие болды.
Барлық үміткерлердің де байқауға үлкен жауапкершілікпен қарап, жоғары дәрежеде дайындалып келгендері байқалды.